KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

«Торпедо» Санкт-Петербордан ұпайсыз қайтты

20.10.2018, 09:11 146


«Торпедо» Cанкт-Петербор қаласынан құрқол қайтты. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 16-шы турында Нева өзенінің жағасындағы шаһарда «СКА-Нева» командасымен кездескен өскемендік ұжым 2:3 есебімен жеңіліс тапты.


Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын жерлестеріміз дәп сол Петерборда тағы бір жергілікті командамен шеберлік байқасқан болатын. Сол ойында торпедолықтар былтырғы чемпионаттың жеңімпазы «Динамоға» жол берген-ді. Есеп 1:2.


Енді міне «СКА-Нева» хоккейшілеріне де есе жіберген «Торпедо» осылайша екі ойында нөл ұпайға ие болып, турнирлік кестедегі жағдайын жақсарту мүмкіндігін пайдалана алмай қалды.


Айта кетейік, «СКА-Нева» командасымен өткізген ойында өскемендік ұжым сапында Кирилл Тамбиев пен Николай Складниченко көзге түсті.


Осы жеңілісінен кейін 16 ұпайға ие торпедолықтар турнир кестесінің 15-ші сатысында орналасуда.


Келесі кездесуінде жерлестеріміз Ханты-Мансийск қаласында жергілікті «Юграға» қарсылас атанбақ. Бұл матч ертең, 21 қазан күні өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив