KZ
Өскемен
+15°
туман жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

«Торпедо» «СКА-Невадан» да жеңіліп қалды

25.01.2019, 16:12 136


«Торпедо» қатарынан екінші ойында жеңіліс тапты. Осыдан бірер күн бұрынғыдай бұл жолы да өскемендік ұжымды Санкт-Петербор қаласының хоккейшілері ренжітті.


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында өз айдынында «СКА-Нева» командасымен шеберлік байқасқан «Торпедо» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Қонақтардың кездесудің екінші кезеңінде соққан екі шайбасына жерлестеріміз соңғы жиырмаминуттықта команда капитаны Александр Шиннің нәтижелі соққысымен ғана жауап бере алды.


Айта кетейік, «СКА-Нева» былтырғы біріншіліктің финалында өнер көрсеткен болатын. Невалықтардың қарқыны биыл да қатты. 45 ойыннан кейін қоржынында 74 ұпайы бар Михаил Кравец командасы біріншілікте жеке-дара көш бастап тұр. Ал «Торпедо» болса, әзірге 50 ұпаймен турнир кестесінің 15-ші орнында орналасуда.


Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын өскемендік ұжым Петербордың тағы бір өкілі «Динамодан» ұтылып қалған болатын.


Келесі кездесуінде жерлестеріміз қонақта «Рязань» командасымен өткізеді. Бұл ойын 29 қаңтар, сейсенбі күні ойналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив