KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

"Торпедоның" ойыны ала-құла

7.11.2017, 03:02 182

«Торпедо» ала-құла ойнауда. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 19-шы және 20-шы турларында өз айдынында біріншілік аутсайдерлері «Рязань» мен «Буран» (Воронеж) командаларын қабылдаған жерлестеріміз бір жеңіп, бір жеңіліп, нәтижесінде екі-ақ ұпайды қанағат тұтты.


Осының алдында қонақта өткізген екі ойында қарсыластар қақпасына 10 шайба соғып, екі сенімді жеңіске қол жеткізген жерлестеріміз бұл жолы да жанкүйерлерін қуантуы тиіс болатын. Мамандардың пікірі соған саятын. Алайда турнирлік кестенің түбінде орналасқан «Рязань» да, «Буран» да айдын иелеріне тегеурінді қарсылық көрсетіп, діттеген алты ұпайдың орнына небәрі екі-ақ ұпайды қанағат тұттық.


Алдымен «Рязаньмен» кездескен торпедолықтар негізгі уақытта 3:4 есебімен жеңіліс тапты. Өскемендік команда сапында Майк Далхьюзен, Александр Шин мен Роман Бердников көзге түсті.

Бұдан кейінгі «Буранмен» өткен ойында қорғаушы Руслан Ибатуллиннің дәл соққысы арқасында алға шыққан жерлестеріміз матч соңына дейін есепті еселеуге де, жеңісті ұстап тұруға да шамалары жетпеді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды.


Тек қосымша уақытта Максим Беляевтің пасын ұтымды пайдалана білген Евгений Рымарев жеңіс шайбасын соғып, «Торпедоға» екі ұпай әперді.


Осылайша, 20 ойыннан кейін қоржынында 32 ұпайы бар Алексей Ждахин командасы қазір турнир кестесінің 12-ші сатысында орналасуда. Бүгін торпедолықтар өз айдынында петерборлық «Динамоны» қабылдайды. Ойын кешкі сағат 18.30-да басталады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив