KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Шығып қалғандар орнына депутаттар сайланды

31.10.2017, 09:35 307

29 қазанда Шығыс Қазақстан облысы аудандық мәслихаттары құрамынан шыққан депутаттар орнына сайлау өтті. Биылғы 4 қазанда басталған сайлауалды науқан кезеңінде облысымыздағы Глубокое ауданынан екі сайлау округі бойынша алты, Бесқарағай ауданынан төрт және Зайсан ауданынан үш кандидат тіркелген болатын.


Жуырда Аймақтық коммуникациялар қызметінің ақпараттық орталығында сайлау қорытындысына арналған брифинг өтті. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Рукиннің айтуынша, кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын аса белсенді жүргізген.


– «Сайлау туралы» Заңға және Шығыс Қазақстан облысының аудандық мәслихаттарының құрамынан шыққан депутаттардың орнына сайлау өткізуге дайындық бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Бесқарағай, Глубокое және Зайсан аудандық мәслихаттарына депутаттыққа үміткерлер сайлаушылар арасында үгіт жұмысын жүргізді. Үгіт баспа материалдарын орналастыру орындары анықталды, үміткерлерге сайлаушылармен кездесу үшін бөлмелер ұсынылады, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында үміткерлердің сайлаушылармен кездесу кестесі жарияланады. Учаскелік комиссиялар сайлаушыларға шақыру қағаздарын таратты. Дауыс беру пункттері нұсқаулыққа сәйкес жарақтандырылды, – деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.


Сайлау басталғанға үш күн қалғанда Бесқарағай аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлердің біреуі өз кандидатурасын алып, науқанға ары қарай қатысудан өз еркімен бас тартқан.

29 қазанда, яғни сайлау күні өз дауыстарын беруге 7480 сайлаушы қатысыпты, бұл – сайлаушылар тізіміне енгізілген 8595 сайлаушының 87 пайызы.


Сонымен, сайлау қорытындысы бойынша Бесқарағай аудандық мәслихатына Мейрамгүл Рысбекқызы Әбілғазинова (№2 сайлау округі), Глубокое аудандық мәслихатына Алтай Советханұлы Қалиғожин (№2 сайлау округі) мен Елена Александровна Леонтьева (№3 сайлау округі), Зайсан аудандық мәслихатына Меруерт Мұратқызы Қайрақова (№9 Кеңсай сайлау округі) сайланып отыр.


– Жеңіліс тапқан кандидаттар тарапынан бізге ешқандай өтініш, шағым келіп түскен емес, яғни барлығы еліміздің «Сайлау туралы» Заңына сәйкес өткізілді, – деп түйіндеді Александр Рукин.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив