Асхат Аймағамбетов паллиативтік көмекке бөлінетін қаржыны қайта қарауды ұсынды
![](/kz/uploads/posts/2024-10/69670.webp)
azh.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов паллиативтік көмекке мұқтаж азаматтардың жағдайына алаңдап, қаржыландыру мәселесін көтерді. Депутат мыңдаған қазақстандықтың өз өмірінің соңғы күндерін лайықты күтіммен өткізуге құқылы екенін айтты.
Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда паллиативтік көмекке 100 мыңнан астам адам зәру. Бұл санатқа онкологиялық аурулардың соңғы сатысындағы науқастар, инсульттен кейінгі адамдар, жазылмайтын ауруға шалдыққан балалар кіреді.
Алайда, елімізде паллиативтік көмек көрсетуге арналған хоспистердің саны жеткіліксіз, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмекке қолжетімділік шектеулі, білікті мамандар тапшылығы да өзекті мәселе болып отыр.
Осыған байланысты депутат паллиативтік көмекке бөлінетін қаражаттың көлемін қайта қарауды ұсынды. Бұл бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі де қолдап отыр.