KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 9 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Қазақстанда интернет-казинолардың «қара тізімі» шықты

Бүгін, 17:00 1 Төлеуғазы Жансая

ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лицензиясыз жұмыс істейтін интернет-ресурстардың жаңартылған тізімін жариялады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Комитет ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптарды бұзған 1820 бірегей интернет-мекенжайды тізімге енгізді. Бұл тізім комитеттің заңсыз интернет-казино және букмекерлік қызмет көрсететін ресурстарды жүйелі түрде анықтап, жинаған ақпараты негізінде жасалды. 

Заңсыз ойын бизнесіне қарсы күресте азаматтар да өз үлесін қосуда. Олар күмәнді сайттар мен әлеуметтік желілердегі беттердің сілтемелерін комитетке жолдап отырады. Тізімде Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X сынды танымал платформалар да бар.

Комитет анықтаған мәліметтер «Кибернадзор» жүйесіне енгізіліп, Қазақстан аумағында олардың қызметін шектеу бойынша шаралар қолға алынбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив