Әлем кубогі: Ажар Рахметқызы дәстүрлі садақ атудан чемпион атанды
Шымкент қаласында өткен әлемдік деңгейдегі «Dala Mergeni» әлем кубогінде әйелдер арасында өткен тартысты сайыста Ажар Рахметқызы чемпиондық атаққа ие болды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Пута» нысанасы бойынша финалдық кезеңде ол қырғызстандық және ресейлік спортшыларды артқа тастап, жеңіске жетті.
Ажардың бұл жетістігі ұлттық садақ ату өнерінің әлемдік аренадағы беделін арттырып, спорт саласына серпін беретіні сөзсіз.
Айта кетейік, Шымкент қаласында дәстүрлі садақ атудан әлемдік деңгейдегі «Dala Mergeni» өтуде. Бұл ауқымды шараға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы мен еліміздің 20 өңірінен және 12 шет мемлекеттен (Тайланд, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Франция, Әзербайжан, Иран, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Америка, Үндістан) келген спортшылар қатысуда. Жалпы 108 спортшы садақ ату өнерінде бақтарын сынап, өз шеберліктерін көрсетуде.