KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да жоспарланған көпірлердің құрылысына қанша қаражат керек?

25.10.2017, 10:50 100

Күршімдегі Бұқтырма көпірінің құрылысына мемлекет қаржы бөлуі мүмкін. Бұл туралы өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтов айтты.


Концессиялық келісім аясында салынады деген Бұқтырма көпіріне мемлекет те қомақты қаржы құюы мүмкін. Ш.Бұқтұғұтовтың айтуынша, Еуропа қайта құру және даму банкі бұл жобаны тиімсіз деп тауып, қаржы құюдан тартынып отырса керек.


-Бұл көпір «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша салынады. Жоба құны – 37,4 млрд. теңге. Мемлекет оған ортақ қаржыландырушы ретінде кіреді, - деді ол.


Ал Өскемендегі Виноградов көшесін Өскемен-Таврия тасжолымен Ертіс арқылы тікелей жалғайтын көпір құрылысына 62,1 млрд. теңгенің инвестициясы қажет. Дәл осы жобаға еуропалық банк қызығушылық танытып отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив