KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

«Менің мектебім» жобасы бастау алды

20.10.2017, 10:59 155

Облыста «Менің мектебім» жобасын қолға алынып отыр. Жоба шеңберінде өңірдегі білім ордаларының химия, физика, биология және роботтехника сыныптарын Назарбаев интеллектуалды мектептерінің тәжірибесі негізінде заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған.

Осы мақсатта аймақтағы тәрбие ошақтарының материалдық-техникалық жабдықталуы толық сараптаудан өткізіліп, бүгінде облыстағы 277 толықкомплектілі мектептің 425 кабинетіне (38 физика, 37 химия, 78 биология және 272 роботтехника сыныптары) жаңа, заманауи құрал-жабдықтардың қажеттілігі анықталыпты. Мәселен, бір ғана физика кабинетін жабдықтау үшін шамамен 7,1, химия кабинетіне 6,6, биология кабинетіне 5,8 және роботтехника кабинеттеріне 6,8 миллион теңге қаражат керек екен. Тұтастай алғанда, жаратылыстану ғылымдары мен роботтехника кабинеттерін жасақтауға 2,8 миллиард теңге қаражат қажет. Жалпы, 2018 жылы облыста роботтехника кабинеттерін ашу үшін 1,8 миллиард, жаратылыстану ғылымдары кабинеттерін жарақтауға 800 миллион теңге тарту жоспарланған.


– «Табысты болудың ең басты факторы – білім» деген Президент сөзі, Сіздер үшін дәлелдеуді қажет етпейтін қағида екені анық. Осы ретте, бүгіннен бастау алатын, бәсекеге қабілетті және білімді ұрпақ тәрбиелеуге арналған – «Менің мектебім» жобасына, өңір азаматтары үлкен түсіністікпен атсалысады деп сенемін. – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив