KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.5 534.22 5.18

Еңбекақы өскен жоқ, халық қымбатшылық құрсауында қалды

2.10.2017, 06:23 125

Облыстың үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша (облыстық статистика басқармасының мәлііметтері бойынша) 2017 жылдың екінші тоқсанының бір айында (орташа алғандағы орташа статистикалық отбасы) шығысқазақстандық отбасы бюджетінің жиынтық ақшалай табысы 142 601 теңгені құраған.


Соның ішінде табыстың 68,6 пайызы еңбек қызметіне келсе, 27,1 пайызды әлеуметтік трансферттер, 3,1 пайызды туған-туыстардың, таныстардың материалдық көмегі және алименті, 1,2 пайызды өзге де ақшалай түсімдер (меншіктен түскен табыс және т.б.) құраған.


2017 жылдың екінші тоқсанының бір айына орташа алғанда отбасының жиынтық ақшалай шығыны 143 851 теңге мөлшерінде қалыптасқан, соның ішінде 89,0 пайызы тұтынушылар шығынына (азық-түлік тауарлары мен азық-түлік емес тауарларын сатып алу, ақылы қызметтер), туған-туыстарға, таныстарға материалдық көмек және алиментке 5,6 пайыз, несиені және қарызды өтеуге 5,3 пайыз, жергілікті салықтарға және өзге де төлемдерге 0,1 пайыздан келді. Тоқсан ішінде ай сайын жанұялық бюджеттен азық-түлік өнімдеріне 67 912 теңге бөлініп, азық-түлік емес тауарларды сатып алуға 31 631 теңгеден, әртүрлі қызметтерге төлемдер 28 539 теңгеден жұмсалған.


Тауар, қызмет, өнім бағасы өспей тұрмайтыны белгілі. Бірақ олардың ішінде негізсіз көтеріліпжатқандары көп. Зейнетақы өссе болды, азық-түліктің қымбаттай бастайтыны неше жылдан бері үйреншікті жайтқа айналды. Еңбекақысы өспей жатқан қара халықтың бір бөлігі сол қымбатшылықтың бәріне көніп келеді. Ал алыс ауылдағы ата-ана болса қаладағы жатақханасыз қалған студент балаларына бағасы удай пәтер жалдауға, қоғамдық көлікте жүруіне, тамақ ішуіне, киінуіне ақша тауып беріп, қымбатшылықпен «күресіп» жүр. Әмиянның түбі көрініп қалды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив