KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Семейде 1 қазаннан бастап маңызды әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастайды

21.09.2017, 03:16 188

Облыс әкімі Даниал Ахметов ЖЭО-1 мен АҚ-1-ден өзге Терімехкомбинаты ауданындағы АҚ-3-ке де барды.


Қала әкімінің міндетін атқарушы Николай Ушаковтың айутынша, Семейдегі барлық жылу қазандықтарының жұмысы бүгінгі таңда 95 пайызға дайын. Ең ірі орталық ЖЭО-1-ге 50 мың тонна көмір жеткізііліпті. Көмір арығарай белгіленген жұмыс кестесі бойынша жеткізіл тұрмақ. АҚ-3 қаланың Затон, Силикат аумағын жылумен қамтиды. Қазан айының 1-інен бастап, Семейдегі білім беру нысандары мен денсаулық сақтау мекемелері бірден жылуға қосылады. Бұл енді семейліктер үшін бұрын-соңды болмаған керемет жаңалықтың бірі. Әйтпеген күні жылдағыдай сонау 15 қазанды тосып, қар жауып, күн райы бұзылып жатса да, тоңып отыруға мәжбүр болуға тура келуші еді. Сондай-ақ, жеке автономды қазандықтары бар балалар бақшалары мектеп, ауруханалар назардан тыс қалмақ емес. Оларға да жылу уақтылы берілу үшін көмір тонналары тасылып жеткізілуде. Бірақ, қаладағы көппәтерлі үйлердің жылу алу үшін қажетті техникалық құжаттары дайын болмай жатыр. Қаладағы орталық нысандардан жылу алатын 1069 пәтердің тек 865-інің ғана техқұжаттары нақты дұрыс деп қабылданған.


-Жылу басындағылардың жұмысын жоққа шығаруға болмайды,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов,-олар жылуға жыл бойы дайындалып, күні-түні жұмыс істеп отыр. Бірақ, көптеген тұрғын үйлердің ішкі-сыртқы құбыр, желілері, техникалық құжаттары дайын емес. Келесі жылы 15 қыркүйекке дейін тұрғын үйлер дайындық құжаттарын жасап үлгерулері керек, деп ескертемін.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив