KZ
Өскемен
небольшой снег жел 5 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Жаңа медициналық жүйе газет арқылы түсіндіріледі

14.07.2017, 03:02 150

Облыстық газеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жан-жақты түсіндірген 500 дана арнайы шығарылымы Шығыс Қазақстан облысының әр елді мекеніне жеткізіледі.


ШҚО әкімі Даниал Ахметов аппараттық жиналыста осындай тапсырма берді.


– Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстар туралы білулері керек. Сол себепті алдымен әр отбасына міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде не, қашан және қалай жасалып жатқанын жан-жақты жазып, жеткізу керек, –деді Даниал Ахметов. – Бұл өте маңызды. Түсіндіру жұмыстары атүсті жүргізілмеуі керек.


Таяу күндері ақпарат аймақтағы әрбір тұрғынның үйіне жетеді. Экспресс-талдаудан кейін МӘМС жүйесінің жұмысын атаулы түсіндіретін екінші кезең басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив