KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да суға түсу маусымы басталғалы 13 адам суға кетті, олардың екеуі балалар

5.07.2017, 10:24 202

Екінші шілде күні Зырян ауданында Ертіс өзеніне тағы бір адам ағып кетті. Суға түсуге рұхсат етілмеген жерде шомылған 1987 жылы туған ер адамның мәйітін құтқарушылар тек ертеңінде судан алып шықты.


Суға түсу маусымы ашылғалы Шығыс Қазақстанда барлығы 13 адам суға кетті, олардың екеуі балалар. Суда мерт болғандардың басым бөлігі 26 мен 45 жас аралығындағы ер адамдар.


Құтқару қызметі мамандарының талдауына қарағанда, суға кеткендердің 75 пайызы (он адам) жүзе білмеген немесе өз күшін артық бағалаған. Оның үстіне құтқарушылармен қамтамасыз етілмеген аймақтарда суға түскен. Ал екі бала үлкендердің қарауынсыз қалғандықтан, жазым болған. Бір адам балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан судың құрбаны болды.


Шығыс Қазақстанда суға шомылуға жарамды екі мыңнан астам тоған бар. Олардың барлығы елді мекендерде, не болмаса соларға жақын маңда орналасқан. Облыс әкімдігінің шешімімен өңірде жаппай дем алу, спорт пен туризм мақсатында пайдалану үшін 339 орын белгіленген. Сонымен қатар облыс көлемінде суға түсуге болмайды деген 185 ескерту белгісі қойылған. Дегенмен өңірдегі суға түсуге жарамды тоғандардың басым бөлігі әлі толық зерттелмеген. Әсіресе осындай орындарда суға ағып кететіндер көп тіркеліп отыр.


ШҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мәлімдеуінше, облыстың құтқарушылары бақытсыз жағдайларға жол бермеудің барлық шараларын жасап жатыр. Суға түсу маусымы басталғалы бұқаралық суға шомылу орындарына 269 рейд жасалса, оның ішінде полиция өкілдерімен бірлесе 155 орын тексерілген. Өңірдің қалалары мен аудандарда алдын алу шараларын ұйымдастырудың кестесі жасалған. Тұрғындарға төтенше жағдайда тоғандарда қалай ұстау қажеттігі туралы бүктемелер таратылды. Құтқарушылар демалыссыз, мерекесіз жұмыс істейді. Он үш балаларды суықтыру лагері, көпшілік суға түсетін 61 орын зерттелген. Демалыс базаларының қожайындарының өтінішімен биыл 63 қоғамдық құтқарушы даярлықтан өтті. Суда орын алған бақытсыздық кезінде дер уақытында көмекке жету мақсатында құтқарушы бөлімдердің қызметі күшейтілген.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив