KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде енді канализация тазалау үшін жер қазып асфальт қопармайды

12.06.2017, 18:00 209


Өскеменде «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының аясында қанатқақты жоба қолға алынды. Енді «Өскемен су арнасы» кәсіпорнының мамандары кәріз жүйесін герман технологиясы арқылы тазалайтын болады.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Байбатчина көшесіндегі №30 ауа сорғыш станциясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Өскемен су арнасы» МҚК-ның басшысы Ержан Әубәкіровтың айтуынша, жобаның жалпы құны 275 миллион теңгені құрайды.

– Биыл қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы «Қазқұрылыссервис-7» мердігер компаниясымен келісімшарт жасады. Нәтижесінде, облыстық бюджеттен қаржы үнемделді. Себебі, бұрын кәріз жүйелерін тазалау үшін жерді қазып, асфальтты қопаратын едік. Енді шетелдік технологияның арқасында бұл жұмыс әжептәуір жеңілдеді, - дейді Ержан Әубәкіров.

Өткен жылы Өскемендегі кәріз жүйелерінің 28,6 пайызы апаттық жағдайда болған. Осы орайда, 2015-2016 жылдары қаладағы Тәуелсіздік даңғылы, сондай-ақ, Айтықов, Машиностроителей және Вокзальная көшелеріндегі су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айта кеткен жөн.

Рейд барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кеңесшісі Аманбай Нұркенов барлық жұмысты уақытында өткізу қажеттігін ескертті.

– Егер техникалық жағынан қандай да бір қиындықтар орын алса, бірлесіп шешуге дайынбыз. Тек жұмыстар нәтижелі жүргізілсе болғаны, - дейді Аманбай Нұркенов.

Ажар Сағатбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив