KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Cемейде ауруханада қайтыс болған 6 жасар қыздың өлімі тексеріліп жатыр

13.02.2013, 18:00 183


Семей қаласында 6 жасар қыз бала тұмаудан қайтыс болды. Дәрігерлер баланың өліміне кінәлі тұмаудың вирусы деп отыр. Алайда Салтанаттың әжесі мен атасы дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпеді, баламыз бірнеше сағат бойы қараусыз жатты деп шағымданады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қыздың есімін әжесіне тартсын деп Салтанат қойыпты. Бүгін Салтанат әженің жылағанда етегі жасқа толады. Салтанат Икембаева жолдасы екеуі алты жастағы немерелерін туғаннан өздері тәрбиелеп келген. Әжесінің айтуынша, сол күні кешке немересі сабағын оқып болған соң кенеттен ыстығы көтерілген. Жедел жәрдем көмегіне телефон шала алмаған соң, баланы ауруғанаға өз көліктерімен жеткізуді ұйғарады.

Салтанаттың атасы Заманбек Икембаевтың айтуынша, науқас бала палатада жарты сағаттай жатып қалған. Дәрігерлер оның ыстығын түсірмек болады. Осылайша тағы жарты сағат өткен. Сосын дәрігер қыздың туыстарына оның жағдайының өте ауыр екенін айтады.

Қыздың әжесі болса, дәрігерлер уақытты босқа өлтірді, ешқандай көмек көрсетпеді дегенінен танбайды.

Бір сағаттан соң дәрігерлер баланы жұқпалы аурулар бөліміне ауыстыру жөнінде шешім қабылдайды. Жедел жәрдем көлігін тағы екі сағат тосуға тура келеді.

Атасының сөзі бойынша, жұқпалы бөлімнің дәрігерлері «несіне әкелдіңіздер, тым кеш» депті. Басқа дәрігерлер қарағанын айтқан әжесі мен атасына ол жерде дұрыс емдемегенін айтыпты.

Салтанат содан ес-түссіз жатып, бесінші күні көз жұмған. Дәрігерлер қыз тұмаудаен қайтыс болды дегендерінен қайтпайды. Бірақ сол күні кезекшілікте болған дәрігердің жұмыстан шығып кеткені анықталды.

-Бала жұқпалы аурулар бөлімінде тұмаудан қайтыс болды. Алдымен патологоанатомиялық тексеру жүргізу керек, соның негізінде қорытыенды шығаруға болады,- дейді Семей қаласындағы дәрігерлік орталық директорының орынбасары Раушан Кикимбаева.

Заманбек Икембаев қалалық денсаулық сақтау бөліміне де барыпты, ол жерде де баланың тұмаудан қайтыс болғанын айтады шенеуніктер.

Икембаевтардың отбасында бір күн бұрын түсірілген бейнебаян сақтаулы. Асыр салып жүрген Салтанаттың енді біраз күннен кейін өмірден озатынына сену қиын. Баланның өліміне кім кінәлі екенін қазір арнайы комиссия тексеріп жатыр.

Айна Ескенқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив