KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Кішкентай Әлижанға өскемендіктер кеше 878 мың теңге жинап берді

9.06.2017, 18:00 289


Облыс орталығындағы амфитеатрдың аумағында сал ауруына ұшыраған бес жасар Әлижан Бауыржановты қолдау үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің бастамасымен қайырымдылық балы өтті.

Ерке ертістің жағасында зияткерлік мектебінің оқушылары нағыз мейірімділіктің, жан жылуының үлгісін көрсетті. Сахна төріне аппақ көбелектей үлбіреп шыққан қыздар мен сымбатты бозбалалар бір сағаттан артық уақыт вальс ырғағымен дөңгеленді. 500 ден астам жасөспірім «Хрустальді вальс», «Гарри Поттер» фильмінің әуеніне жазылған вальс, «Quick-Step», «Полька-тройка» сияқты билерді тамаша орындады. Сахна төрінен «Айналдым елім», «Вальс», «Вальс о весне», «Мы танцуем джаз», «Миллион голосов» әндері әуеледі.Батар күннің шұғыласына малынған жағалау әсем ән мен күйге бөленді.
Кішкентай Әлижанға өскемендіктер  кеше  878 мың теңге жинап берді
Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Кульфарида Раисова шара барысында жиналған 878 мың теңгенің сертификатын Әлижан Бауыржановтың әжесі Мәрзия Каксимова салтанатты түрде тапсырды.

-Менің киелі де дарынды оқушыларым, олардың ата-аналары, сіздердің кеуделеріңіздегі жұдырықтай жүректеріңіз кішкентай Әлижан деп соғып, қолдан келген жақсылығымызды жасауға қолдау көрсеткендеріңізге рахмет. Балақайдың сауығып кетуіне шын жүректен тілеулеспіз. Сонымен қатар қуанышты хабар жеткізгім келеді. Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне Халықаралық мектептер кеңесінің шешімімен Халықаралық мектеп дәрежесі берілді, - деді Кульфарида Раисова.

Көпшілік тарапынан көрсетілген көмекке толқыған Мәрзия апай өз алғысын жеткізді.

- Менің отбасымды қолдап, жас ұрпаққа өнеге, тәлім-тәрбие беретін осындай шара ұйымдастырған мектеп ұжымына, қалалық әкімдікке рахмет айтамын. Бар арманым - осы немеремді аяғынан тік тұрғызып, анасы көрмеген жақсылығын баласы көрсе деймін. Сіздердің қолдауларыңызбен осы арманыма қол жеткізем деп сенемін, -деді толқыған әже.
Кішкентай Әлижанға өскемендіктер  кеше  878 мың теңге жинап берді
Сахнадан түскен Мәрзия апайға одан кейін де жиналғандар келіп, «кешігіп қалдым, мынау менің қолдауым» деп шама-шарқыларынша көмектерін беріп жатты.

Айна Ескенқызы

Суреттер: М. Мурзатаев




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив