KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Шетелдік меймандар Өскемендегі Азия чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқанын атап өтті

24.05.2017, 18:00 164



Өскемендегі Спорт сарайында өткен құрлықтық біріншіліктің салтанатты ашылуына Азия волейбол конфедерациясының ең жоғары басшылығы мен Шығыс Қазақстан облысының əкімі Даниал Ахметов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, спорттық шараның ұйымдастырылуы деңгейі өте жоғары болды десек, қателеспеспіз. Дүбірлі дода алдында чемпионат ойындары өтетін Спорт сарайы күрделі жөндеуден өтті. Ең елеулісі, спорт нысанының ішінде 33 метрлік алып экран орнатылды. Сондай-ақ, заманауи бейнетүсірілім жүйесі іске қосылды. Ғимараттың ішкі бөлмелері жөнделіп, автотұрағы үлкейтілді,-деді облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде

Жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын чемпионаттың ашылу рәсіміне қатысқан шетелдік меймандар да атап өтті. Мәселен, ирандық "Сармайе Банк" клубының өкілдері өздерін осылайша күтіп, қошемет көрсеткен жарыс иелеріне алғыстарын аямады.

Азия біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі кезінде Спорт сарайына жиналған көрермен қауым назарына Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласы тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылым ұсынылды.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив