KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өскеменде 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

21.05.2017, 18:00 224



21 мамыр күні Өскемен қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде анасы кенже баласын тамақандырып отырғанда екі жасар ұлы бесінші қабаттың терезесінен құлап түскен. Қазір бала жан сақтау бөлмесінде.
Бүлдіршін не бары 2 жас 11 айда екен. Дәрігерлердің айтуынша, оның жолы болғыш, себебі әдетте мұндай жастағы балалар терезеден құлаған кезде жерге басымен соғылады, ал бұл жағдайда ол алдымен оң аяғымен кейін толық оң жағымен жерге түсті. Осының арқасында аман қалды.
— Пациенттің жағдайы өте ауыр, бірақ тұрақты. Ортан жілігінің сынуы, көкірек қуысының зақымдануы мен мидың шайқалуы себебінен қазір бала травмалық шок жағдайында. Алайда ортан жілікті санамағанда оның қаңқасы бүтін, — деді Ана мен бала орталығының директоры Сергей Попов.
Ана мен бала орталығының мәлімдеуінше, осы жыл ішінде мұндай оқиға Өскемен қаласында бірінші рет орын алып жатқан жоқ.
— Ағымдағы жылда біз ата-аналарға бірнеше рет терезелерге ерекше назар аударып, балаларды қараусыз қалдырмау керегін ескерткенбіз. Өкінішке орай сонда да біздің кеңестерге барлығы құлақ асып жатқан жоқ, — деді Сергей Александрович.

Гүлжан Естаева




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив