KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

15 маусымға дейін баулық аулауға тиым салынған ШҚО-дағы өзен-көлдердің аттары айтылды

16.05.2017, 18:00 282



– Облыс көлемінде жылдағы дәстүр бойынша балық аулауға шек қойылғанын естідік. Нақты қай уақытқа дейін және қай су қоймаларында тыйым салынғанын білсек дейміз?

Дархан Қожабергенов
Көкпекті ауданы.

Сауалға жауап облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ресми сайтынан алынды:

– Шығыс Қазақстан облысында 16 сәуір мен 15 маусым аралығында бірқатар өзендерде уылдырық шашатын кезеңдерге байланысты балық аулауға және шағын кемелердің қозғалысына тыйым салынады.

Атап айтсақ, 16 сәуірден 30 мамырға дейін Зайсан көлінде және Бұқтырма су қоймасындағы Қарақастан Баты шоқыларына дейінгі аумақта балық аулауға тыйым салынды. Сондай-ақ, Бұқтырма су қоймасының Баты шоқысынан Бұқтырма СЭС дейінгі суы терең бөлігінде 1 мамыр мен 15 маусым аралығында шек қойылған.

Ал 10 мамыр мен 10 маусым аралығында Өскемен және Шүлбі су қоймаларында, Ертіс өзенінің Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейінгі бөлігінде, сондай-ақ, Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі аумақта балық ауланбайды.

Бұдан басқа Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың барлық салалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Хатынсу, Емел, Ұялы, Қарақол, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде бұл шек 10 сәуір мен 1 маусым аралығында күшінде болады.

Аягөз өзенінде ағынды сағалары мен тармақтарын, алқаптарын қоса алғанда 15 сәуір мен 1 маусым аралығында балық аулауға рұқсат етілмейді.

Мұндағы мақсат - уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулау, сату фактілеріне тосқауыл қою.

2016 жылы уылдырық шашу уақытында балық қорғау органдарымен 304 құқықбұзушылық анықталып, 24 қайық пен 300-ден аса аулау құралы тәркіленіп, 2,5 млн. теңгенің айыппұлы салынған.

Заң бұзушылар анықталса, жеке тұлғаларға заттары тәркіленіп, 20 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, жарылғыш, химиялық және өзге де заттармен заңсыз балық аулап, үлкен көлемде табиғатқа шығын келтіргендерге Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Әзірлеген - Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив