KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1,7 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскемендегі Жеңіс және Әуезов даңғылдарының қиылысына да аспалы жаяу жүргіншілер өткелі салынады

3.05.2017, 18:00 171


– Биыл облыс орталығында аспалы жаяу жүргіншілер өткелі салынады деп естідік. Нақты құрылысы қашан басталады және қаланың қай жерінде салынады?

Болатбек Нұрпейісов
Өскемен.

Сауалға Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов жауап береді:

– Ағымдағы жылы облыс әкімінің тапсырмасы негізінде Өскемен қаласында аспалы жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланып отыр. Олар қаланың қозғалысы көп көшелерінің қиылысына салынбақ. Мәселен, сондай жолдың желісі Тәуелсіздік және Абай даңғылдарының қиылысында, «Даниэль» сауда үйінің жанында салынады. Сонымен бірге, дәл осындай жолдарды Жеңіс және Әуезов даңғылдарының қиылысқан тұсында, сондай-ақ, Сәтпаев даңғылы бойында облыстық мешіт орналасқан ауданда және облыстық драма театр қасында да салу мүмкіндігі қарастырылуда.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив