KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,7 м/с, Ю
441.44 473.09 4.75

ШҚО да Қазақстан мен Ресейдің қос азаматтығын алған адамға 300 АЕК айыппұл салынды

25.04.2017, 18:00 274



Зырян аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 496-бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сот отырысында анықталғандай, К атты айыпталушы Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2017 жылы ақпан айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Алайда, ол ҚР заңнамасында белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламай, ҚР ӘҚБтК-нің 496 –бабының, 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген.

Сот құқық бұзушыны жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив