KZ
Өскемен
+10°
дымка жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Сібе көлдерінің жағасындағы жекеменшік жерлер түбегейлі тексеріледі

21.06.2016, 18:00 141




Облыс әкімі Даниал Ахметов Сібе көлдеріне дейінгі жолды жөндеуге қазынадан 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп отырғанын атап өтті.

Алайда, аймақ басшысы аталмыш демалыс орындарына қатысты біраз түйткілді мәселелердің басын ашты. Атап айтсақ, бірінші көл толық жекешлендірілген, екінші және үшінші көлдердің жағасы да жеке меншікке сатылып, демалыс үйлерінің құрылыстары бейберекет жүріп жатыр. Яғни, қарапайым қала тұрғыны үшін көл жағасында демалуда кедергілер бар.

Осыған байланысты әкім өзінің орынбасары Жақсылық Омардың жетекшілігіндегі комиссияны құруды, ол комиссияға Ұлан ауданының әкімімен бірлесе аталмыш рекреациялық аумақтағы жерлердің қашан, қалай және кімдерге үлестірілгенін, оның заңдылығын түбегейлі тексеруді, нәтижелерді тамыз айында баяндауды тапсырды.

Ержан Әбіш




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив