KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қытайдан енетін су көлемі артып, Шүлбі және Бұқтырма су қоймалары арнасынан асуға жақын

20.06.2016, 18:00 129


Облысымызда соңғы 50 жылда болмаған ерекше жағдай қалыптасып отыр. Қытайдан Ертіс арқылы енетін су көлемі артып, Шүлбі және Бұқтырма су қоймаларының арнасы толуға жақын қалған.

Ертіс бассейнді инспекциясының басшысы Рыспек Сүлейменов қалыптасқан жағдай туралы қысқаша мәлімет берді. Оның айтуынша Қытай тарабы соңғы 50 жылда алғаш рет Ертіс суын тұтыну мөлшерін азайтқан.


Бүгінде Бұқтырма қоймасындағы су көлемі 49,026 млрд текше шақырымға жетіп отыр. Тәулігіне бөгенге 3420 текше шақырым су ағып келуде. Жағдайды толық бақылауда ұстау үшін облыс әкімі бастаған жұмыс тобы жан-жақты талдау жасай келе, құйылған
артық суды біртіндеп сыртқа ағызу кестесін құрды. Мұндай әрекет Шүлбі мен Бұқтырма қоймаларының арнасын кемерінен асудан сақтайды. Бұған қоса артық мөлшерде келген суды пайдаға жарату үшін де су жинақтау жоспарын өзгерту қажет болған.

Павлодарлық әріптестерімен ақылдаса келе, жұмыс тобы 21 маусымнан бастап Бұқтырма су қоймасынан тәулігіне 1500 текше шақырым, Шүлбі қоймасынан 1875 текше шақырым су ағызып бастау жөнінде шешімге келген. Бұл меже күн сайын 200 текше шақырымға көбейтіле береді. Соның арқасында шілденің екінші жұлдызында Бұқтырма бөгенінен тәулігіне 2500 текше шақырым, Шүлбі бөгенінен 3000 текше шақырым су сыртқа ағызып шығарылады. Ал үшінші шілдеден кейін жауын-шашын саябырсып, тиісінше арналарға құйылатын судың мөлшері де азая түспек. Бұл мол ағын Павлодар өңіріне 13-15 күннің ішінде жетуі тиіс. Сондықтан көршілеріміз үшін де алаңдауға еш негіз жоқ.

Бұқтырма және Шүлбі су электр стансаларының басшылары да жоспар бойынша қандай шаралар атқарылатынын баяндады. Қоймаларға құйылған артық судың бір бөлігі ағыс күшімен, бір бөлігі генераторлардың көмегімен сыртқа шығарылуы тиіс.
Қазгидрометтің» болжамы бойынша алдағы 10 күннің ішінде жауын саябырсып, Ертістің қарқыны да қайтуы тиіс.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл мәселені тікелей бақылауында ұстап отырғанын атап, қоймалардан шығарылған судың елді мекендерге жайылмауы да қадағаланатынын жеткізді.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив