KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Катонқарағайдағы 19-ақ адамы бар ауылдың болашағы не болмақ?

8.06.2016, 18:00 384



- Біз Жамбыл ауылдық округіне қарасты Маралды ауылында тұрамыз. Жамбылдан 18 шақырымда жатқан Маралдының болашағы жоқ деп танылып, бізге Зырян қаласына көшу туралы ұсыныс айтылған. Баспана мен жұмыс та уәде етілген еді. Бірақ түсініксіз себептерге байланысты көшу мәселесі кейінге шегерілген көрінеді. Осының себебін білсек деп едік.

Галина Дюлембаева
Катонқарағай ауданы.


Сауалға Жамбыл ауылдық округінің әкімі Әлібек Аманов жауап береды:

- Жамбыл ауылдық округіне қарасты Маралды ауылында 6 отбасы тұрады. 19 адам тұрақты есепке тіркелген. Олардың үшеуі зейнет жасындағылар, төртеуі жалданып жұмыс істейтін маралшылар, бесеуі үй шаруасындағы әйелдер. Сондай-ақ, бір студент, бір оқушы бар тіркеуде. Тағы екеуі басқа жақта жұмыс істеп жүр.

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі – жеке және қосалқы шаруашылығындағы маралдары мен «Маралды» шаруа қожалығында жұмыс істейтін маралшылар мен отбасы мүшелерінің еңбекақылары. Осы ауылдан екі отбасы Зырян қаласына қоныс аудару жөнінде құжаттарын тапсырған болатын. Оларды «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен және баспанамен қамту көзделген. Бірақ Қабдыраш Дюлембаев пен жұбайы Галина Дюлембаева зейнет жасындағы адамдар
болғандықтан талапқа сай келмеді. Екінші құжат тапсырған Нұрлан Дюлембаев 2014 жылы қонақүй салу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығынан 2 млн теңге шағын несие алғандықтан, көшу туралы бағдарлама талабына сай келмеді. Қазіргі уақытта аталмыш ауылдың тұрғындары жекеменшік маралдарын бағады және «Маралды» шаруа қожалығында жұмыс істейді.

Мерей Қайнарұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив