KZ
Өскемен
+2°
пасмурно Штиль
488.91 532.62 5

ҚР ІІМ ресми өкілі: -13 қылмыскердің көзі жойылып, төртеуі жарақат алған, жетеуі іздеуде

6.06.2016, 18:00 131


Ақтөбеде 13 қылмыскердің көзі жойылды. ҚР ІІМ өкілдері жаңа мәліметтерді келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінге дейін шабуылдағандардың ішінде 13 қылмыскер өлтірілді, төртеуі жарақат алған, жетеуі іздеуде", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев телефон арқылы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалған қылмыскерлерді табу бойынша барлық шара қабылданып жатыр.

"Шамамен сегіз адам ұсталды, олардың шабуылға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Жеке құрам түгелдей күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Ақтөбеде түн тыныш болды. Қалада және республика бойынша жағдай бақылауда", - деді Сәдубаев.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив