KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялады

7.06.2016, 18:00 171


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялады, - деп хабарлайды Ақорда

-Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын, - деп жазылған Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімінде.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив