KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

ШҚО, Ұлан ауданы аумағында тұрғылықты мекенжайы бар 856 шетелдік азамат тіркелген

6.06.2016, 18:00 154



Ұлан ауданының аумағында «Заңсыз келуші-2016» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Шетелдіктердің ел аумағына заңсыз келіп-тұруын, жұмысқа тартылуын анықтау мақсатында қолға алынған шараға аудандық ішкі істер бөлімінің 49 қызметкері тартылып, үш ұтқыр топ құрылды. Сонымен қатар, аудан аумағында тұрақты тұратын және уақытша келген шетелдіктерді тексеретін 14 қосымша топ жасақталды.

Жедел алдын алу шаралары барысында Ұлан ауданы аумағында тұрғылықты мекенжайы бар 856 шетелдік азамат тіркелген. Оның 631-і алыс шетелден, 225-і ТМД елдерінен келгендер, тағы 16-сы азаматтығы жоқ тұлғалар.

«Заңсыз келуші-2016» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 24 шетелдік пен алты Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив