KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап жасалған ойын алаңқайлары пайда болады

24.03.2016, 18:00 172



Өскеменде биыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап жасалған ойын алаңқайлары пайда болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, облыс орталығы мен Семей қаласындағы ойын алаңқайлары мүмкіндігі шектеулі балаларға ыңғайлы етіп өзгертіледі. Сонымен қатар, өңіріміздің өзге аудан-қалаларында да дәл осындай алаңқайлар салынады.

- Он екі мүшесінде кемістігі бар балалардың жағдайын неге ойламаймыз? Олар да өзге құрбыларымен сөйлесіп, ойнағысы келеді. Алайда, біздің қалаларда осы уақытқа дейін мүмкіндігі шектеулі балақайларға арналып жасалған алаңдар жоқ. Біз осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек, - деген еді ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен есепті кездесуінде.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектелген балалар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мәселесі облыс басшылығының жіті назарына алынған. Бүгінде Өскеменде тірек-қозғалыс аппараты, көру, есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған, бірақ сана-сезімі қалыпты балаларға арналған пансионат құрылысы жүргізіліп жатыр.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив