KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Алтын жүлде жерлесіміздің қанжығасында

9.09.2015, 18:00 108



Жуырда Шығыс Қазақстан облысының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ерлер және әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан өткен VIIІ чемпионатқа қатысып, жүлдемен оралды.

Аталған сайысқа ШҚО ішкі істер органынан Атабаев Рустам, Ашим Айдос, Сарсеканов Шалқар есімді қызметкерлеріміз қатысты. Соның ішінде Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жасақ басшысы Рауан Өкпебаев бірінші орын иеленіп, қанжығасына алтын жүлде байлап келді.

- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп қазақ ата-бабамыз айтқандай, үлкен дайындықтың арқасында осындай жетістікке жетіп отырмыз. Бұл жеке менің емес бүкіл қазақ халқының жеңісі. Мектеп қабырғасынан бастап үлкен балуандармен бақ сынасып, жүлделі болғанымды мақтанышпен айта аламын. Кейін де алған жолдан тайынбай, Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытамын деген ойдамын, - деді Рауан Өкпебаев.

Жеңімпаз мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алда бірнеше сайыстарға қатысуды көздеуде.Бұндай жастарымызға тек қана сәттілік тілейміз!

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив