KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Тұрғын үй аулалары мен балалар алаңқайлары тексерілді

3.06.2015, 18:00 191



«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз аула» республикалық акциясы өткізілді.

Акция аясында шағын аудандардағы тұрғын үй аулалары мен балалар алаңқайларының жағдайы, электр трансформаторларының қоршалғандығы тексерілді. Сондай-ақ, балалар алаңқайы маңында жылдамдықты тежеуді ескертетін жол белгілерінің бар-жоқтығына ерекше мән берілді. Рейд барысында жергілікті тұрғындар балалар алаңқайларын қоршау, аулалардың санитарлық жағдайының көңіл-көншітпейтіндігін айтты. Аулаларды жарықтандыру мен көгалдандыру мәселесі де көтерілді.

- Көптеген жүргізушілер көліктерін дәл аула жолына қойып қояды. Олар коммуналдық қызметтерге ғана емес, апаттық жағдай бола қалғанда, жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктерінің жұмысына да кедергі келтіреді, - дейді тұрғындардың бірі Майра Нұртайлақова.

Қаланың Пушкин, Шәкерім, Первомайская, Глинки көшелерінде орналасқан пәтер иелері кооперативіне қарасты көпқабатты үйлердің аулалары тексеріліп, тұрғындардың арыз-шағымдары тыңдалды. Тұрғындар тарапынан айтылған шағымдар мен ұсыныстар ескерусіз қалмайтындығын айтады акцияны ұйымдастырушылар.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив