KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 4 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

Өскеменнің 19-шы шағын ауданында 12 аула қайта түрленді

22.10.2020, 09:13 178

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына орай Өскеменнің 19-шы тұрғын ауданындағы аулаларды абаттандыру бойынша қолға алынған жұмыстар мәресіне жетіп, 12 аула қайта түрленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазір 19-шы шағын аудан тұрғындары сазды-соқпақтармен емес, жаяу жүргіншілер жолымен, самаладай жарық көшелермен жүреді. Өйткені аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың 1 қазанында қолға алынған қаланың 19-шы тұрғын ауданын абаттандыру бағдарламасы соңына жетті. Екі кезеңде атқарылған жұмыстар нәтижелерін талдап айтайық.

Әуелі шағын ауданның аулалары абаттандырылып, аула жолдары қалпына келтірілді. Аула іштері жарықтандырылып, ойын және спорт алаңдары салынды. Қала басшылығының хабарлауынша, бүгінгі таңда аталмыш аудандағы 12 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталған. Атқарылған жұмыстар аясында әр аулада балалардың ойын және спорт алаңдары, тротуарлар салынып, жарық шамдарының бағандары орнатылды, сондай-ақ құнарлы топырақ себіліп, газон егіліп, жас ағаш көшеттері отырғызылды. Бұдан бөлек, Есенберлин даңғылы мен Көкжал Барақ көшелеріндегі үш аулаға хоккей қорапшалары салынды. Жалпы, шағын ауданның абаттандырылған аулаларында жасанды газоны бар 10 балалар ойын алаңы, тартан жабыны бар ауданы 2850 шаршы метрді құрайтын 10 спорт алаңы орнатылған. Тұрғын ауданның аумағында барлығы 170 дана жарық бағандары орнатылып, аула ішіндегі және квартал ішіндегі жолдар, ойын және спорт алаңдарының маңайлары жарықтандырылды. Сонымен қатар аула ішіндегі жолдарға жарты шақырымнан астам жауын суы ағатын каналдар салынды. Қала әкімдігінің хабарлауынша, абаттандырылған 12 аулаға 200 дана декоративті бұта, 30 қайың, 20 шетен, 341 шырша көшеттері отырғызылған. Аудан жайлы болса, адамдар да риза екені даусыз. Мәселен мына бір пікірге құлақ түріңіз.

– Біз көшіп келген кездегі ауданның жай-күйімен қазіргі келбетін салыстыру мүмкін емес. Аудан адам танымастай өзгерді деуге болады. Ауламыз жарық, асфальт салынды. Балалар доп ойнайтын алаң да бар, әрі қолайлы, әрі қауіпсіз. Сондықтан біз де балаларға алаң болмаймыз. Жалпы жылдан жылғы тұрғын ауданның жағдайы жақсарып келе жатқаны қуантады, – дейді Көкжал Барақ көшесінде тұратын Жанна Қабдуалиева есімді тұрғын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу