KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінен университетішілік олимпиада өтті

21.05.2015, 18:00 201




Семей Мемлекеттік медициналық университетінде Абай қорық-мұражайы мен «Қазақ және латын тілдері кафедрасының» бірлесе ұйымдастырған «Мен Абай тілінде сөйлеймін!» атты өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінен университетішілік олимпиада өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына арналған шараға Абай қорық-мұражайының Ғылыми хатшысы С.Мұқатаева арнайы шақырылды.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірін, оның мұрасын жастар арасында насихаттау және мемлекеттік тілді терең білуге ынталандыру мақсатында өткен олимпиада үш кезеңнен тұрды.

Алғашқы кезеңде үміткерлер тест түрінде сұрақтарға жауап берді. Екінші айналымда түрлі тақырыпта әңгімелесуден шеберліктерін танытты. Соңғы кезеңде сайскерлер берілген Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқу және кез келген өлеңін немесе қара сөз үзіндісін жатқа оқыды.

Білім сайысында студенттер терең білімдерін көрсетті. Қатысушылардың білімін, сауаттылығын әділқазы алқасы бағалап, сайыстың нәтижелерін қорытындылады. Нәтижесінде І орынды 109 жмф тобының студенті Ксения Бердюгина, ІІ орынды 103 жмф тобының студенті Купин Канат, ІІІ орынды 125 жмф тобының студенті Шавровский Алексей иеленді. Сайыстың жеңімпаздары дипломдар, грамоталармен және басқа да қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив