KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Үш елді мекенде жүздеген жұмыс орны ашылды

27.04.2015, 18:00 147



Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы тірек ауылдар - Алтынбел, Катонқарағай, Өрел елді мекендерінде өткен жылы 73 жоба жүзеге асып, 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Үш жыл ішінде үш тірек ауылында наубайхана, дәмхана, дүкен, шаштараз, туризмді дамыту кешендері сияқты көптеген қызмет көрсету орындары жұмысын бастап, шағын несие алған тұрғындардың бір бөлігі қазір омарташылықпен, мал өсірумен, басқа да ауыл шаруашылығы кәсіптерімен айналысуда.

- 2012 жылдан бері үш ауылда маусымдық жұмыстармен қоса есептегенде барлығы 600 жұмыс орны ашылды. Катонқарағайдағы мектеп интернаты кең ғимаратқа көшіріліп, түбегейлі жөнделді, Өрелде жаңа балабақша пайдалануға берілді. Үш ауылда да медпункт, клубтар жұмыс істеп тұр. Осы ауылдарға 20 жас маман келіп, еңбек етіп жатыр, - дейді аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жанар Большманова. - Өткен жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға Өрел ауылына су құбырларын тарту жұмыстары басталды. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, ауыл тұрғындары таза сумен қамтылады.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив