KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Мектеп оқушылары қазақтың 100 әнін үйренетін болады

6.11.2014, 18:00 218



Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Қазақ әндері» жобасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шара барысында мектептің 11 «А» сынып оқушысы Айдана мен әкесі Нұртай Тілеужан халық әні «Алатауды», ұлттық үлгіде киінген мұғалімдер танымал халық әндерінен попурри орындады.

Енді Назарбаев мектептерінің барлық оқушылары екінші тоқсаннан бастап 100 қазақ әнін үйреніп, орындайтын болады. Әрбір мектепте үлкен үзілістерде - жоғары сыныптар мен төменгі сыныптардың оқушылары бірлесіп «Жайдарман», «Жан досым» тәрізді әндерді орындайды. Олардың репертуарларына халық әндерімен қатар туған жер, ата-ана, достар туралы жаңа әндер де кіреді. Сонымен қатар балалар өздері орындайтын әннің тарихын, сөзін жазған автордың, композитордың өмірбаянын білетін болады.

«Қазақ әндері» жобасының аясында халық әндері кешін ұйымдастыру да жоспарланып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив