KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
474.83 518.99 5.4

Алғашқы кәсіпкерлер үйі ашылады

4.11.2014, 18:00 232



Шығыс Қазақстан облысында баламасы жоқ алғашқы кәсіпкерлер үйі Зырян ауданында ашылатын болды. Бұл туралы ШҚО ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Игорь Шацкий мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгінде кәсіпкерлер палатасы мен Халық банкі арасында меморандум жасалған. Соған сәйкес аталмыш қаржы институты Зырян қаласынан жаңа құрылымды орналастыратын ғимарат тауып, оны жөндеуден өткізіп береді.

- Жаңа құрылымның арқасында кәсіпкерлер барлық мәселелерін ешқайда ат сабылтпай, бір жерде шешіп, жұмыстарын жылдам бітіруге мүмкіндік алады, - дейді Зырян ауданы әкімінің орынбасары Нұржақ Тоқсейітов.

Кәсіпкерлер үйінде кәсіпкерлерді қолдау орталығы, «ҚазАгро» ұлттық холдингінің, халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері және басқа да бірқатар қаржылық ұйымдар орналастырылмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив