Шығыста – жаңбыр, бұршақ, дауыл...
шартты сурет: depositphotos.com
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде күн райы бұзылатынын хабарлап, ескерту жасады.
«Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз