KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Байыту фабрикасының мерейтойына арналған спорттық жарыс өтті

29.10.2014, 18:00 151



24 және 25 қазан аралығында ШҚО Жезкенттік Байыту фабрикасының 25 жылдық мерейтойына арналған волейбол, үстел теннисі, кіші- футбол, армрестлинг түрлерінен спорттық іс-шара өткізілді.

Волейболдан және кіші-футболдан жарыс 24 қазанда ӘКҚС залында өткізілді. Мерекелік турнир нәтижесінде: волейболдан жеңімпаз «Кен» командасы, ал, кіші- футболдан бірінші орынды «Оқушылар» командасы иеленді.

Ерлер арасындағы үстел теннисінен бірінші орынды А. Кимасов, қыз-келіншектер арасында В. Потапченконың бағы жанды.
Армрестлинг жарысында бірінші Ташметов Фархат қарсыластарын шақ келтірмеді.

Байыту фабрикасының 25 жылдық мерейтойына арналған жарыстар үш күн қатарынан өтіп, атаулы күнге арналған спорттық іс шараға жүз адамнан астам адам қатысты.

Барлық жеңімпаздар «Кәсіп Қазақмыс» ЖШС ұсынған естелік сыйлықтарымен мақтау қағаздарымен мараппаталды.

С.Әбілқасымұлы, А. Тюленева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив