KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Балдырғандар өнерімен тәнті етті

14.05.2012, 18:00 160


Самар ауылындағы «Дәншік» балабақшасы 40 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

1971 жылы ашылған балабақша тоқырау жылдары талай мүшкіл хал кешіп, 12 топтан екі топқа дейін азайғандықтан, барлық мамандар жаппай қысқартуға ұшыраған-ды.

Еліміз Тәуелсіздік алып, аяғынан тік тұрған соң Елбасының салиқалы саясатының арқасында мектепке дейінгі тәрбие ісіне көп көңіл бөлініп, 2010 жылы жеке кәсіпкерлердің қолдауымен балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді, сөйтіп, қосымша топтар ашылды. Қазір балабақшада 11 топ жұмыс істеуде. Оның сегізіндегі бүлдіршіндер мемлекеттік тілде тәрбие алады.

Балабақшаның 40 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концертті бүлдіршіндердің өздері әзірлеп, меймандарды өнерлеріне тәнті етті.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив