KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

RADIO ALTAY жаңалықтары - 22 тамыз 2012 жыл

21.08.2012, 18:00 136


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскемен төрінде салынған сәулетті жаңа мешіт жамағатқа есігін айқара ашты!
Шығыс Қазақстанның орталық мешітінің Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысы Мұхтар Құл–Мұхаммед орталық атқару органдарының басшылары, Парламент депутаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия, қытай мемлекеттерінің, Ресей федерациясы Алтай өлкесінің өкілдері, елге белгілі ақын-жазушылары арнайы қатыспақ.

Бүгін біздің Шығыс Қазақстан облысы үшін тарихи қуанышты күн. Жылдар бойы аңсаған арманымыз орындалып, исламның ұясы, достық пен бірліктің, ынтымақтың ,татулықтың ордасы - мешіт ашылайын деп отыр. Осының бәрі егемендігіміздің арқасы, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс жүргізіп отырған ішкі, сыртқы саясатының нәтижесі, деді облыс әкімі ашылу салтанатында.
Ал, өз кезегенде Мемлекеттік хатшы халықты мешіттің ашылумен құтықтады.
Тек қазаққа ғана емес, бүкіл түркі халықтарына алтын бесік болған қасиетті мекен Алтайда ең үлкен Алланың үйі ашылып отыр. Осы құтханаларыңыз құтты, қайырлы болсын. Имандылық үйі болсын деген тілек айтқым келеді. Біз тәуелсіздік алғанға дейін бүкіл елімізде алпысқа жуық қана мешіт болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасымыз әрбір азаматқа өзінің ғазиз дінін, мүбәрәк дінін ұстануына жағдай жасады. Соның арқасында, елімізде бүгінге дейін 2500 ге жуық мешіт ашылды. Осыдан бір ай бұрын Астана қаласының төрінде «Әзірет Сұлтан» атты орталық азиядағы теңдесі жоқ ғажап мешіт ашылды. Міне осындай мешіттер Қазақстанның барлық облыстарында ашылып жатыр. Астана астана болған кезде Елбасы бұл қай елдің астанасы екенін көрсетіп тұру үшін Әуежай жақтан «Нұр Астана» мешітін салған болатын. Мінеки қазақстан Елбасының осындай саясатының арқасында тұрақтылық мекеніне, келісім мекеніне, ұлттардың арасындағы татулық мекеніне, діндердің арасындағы келісім мекеніне айналды. Соның арқасында Қазақстанда әлемде теңдесі жоқ үлкен съез болды. Осының барлығы еліміздің береке-бірлігін артыратын жағдай. Сондықтан барлығыңызды бүгінгі болып жатқан қасиетті шарамен шын жүректен құттықтаймын. Менде Шығыс Қазақстанның азаматы ретінде Шығыста қазақи рух берген, облыс орталығына Абай атамыздың ескерткішін орнатқан, енді міне еліміздегі ең үлкен мешіттің бірін салғызған облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлына үлкен рахметімді айтамын. Еліміз руханитын дамытып жатқан бүгінгі сәтте бұл мешіт бүкіл елді береке-бірлікке шақыратын иамандылық үйі, тамаша құтқана болсын деп тілеймін. Қуаныштарың құтты болсын ағайын, – деді Мұхтар Құлмұхамед.






Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив