Жастар әлеуметтік құрылымның қалыптасуы кезеңінде өзіне тән арнайы көзқарастары бар қоғамның ерекше әлеуметтік-демографиялық тобы. Қазіргі уақытта, қазақстандық жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымындағы ірі әлеуметтік топтардың қатарына жатады.
Сол жастардың бастамасымен 22 қазан күні ШҚО Зайсан ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ ұйымдастыруымен аудан әкімшілігінің мәжіліс залында «Ертеңгі ел тірегі - бүгінгі өскелең ұрпақ» атты тақырыпта аудан әкімінің аудан жастарымен кездесуі өтті. Кездесуді ашқан аудан әкімі Алмас Аманқолұлы Оңдақанов жиналған жастарға ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мәлімет беріп, пікір алмасты.
Кездесу барысында Зайсан ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ директоры Олжас Бақытұлы Шәріпбеков орталықтың атқарған жұмыстары жайлы мәлімет берді. Мүкарама орта мектебінің психологы,«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген Оралханова Айгерім бағдарламаның тиімді жақтары мен мемлекеттік маңызы жайлы айтты. М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің белсенді оқушысы Ыбрайханова Айгерім «Жасыл ел» бағдарламасының жастарға деген қаржылай көмегі тигені жайлы айтып кетті. Және де алдағы жылда «Жасыл ел» бағдарламасын тұрақты қаржыландыру туралы ұсыныс айтты. Кездесуге әр салада жұмыс атқарып жүрген мекеме жастары, ауылдағы жастар және әр ауылдағы жастар ісі жөніндегі мамандар жиналды. Кездесу барысында сөз болған басты мәселелер жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімін алу, жеке кәсіп ашу, және мемлекеттік емес ұйым ашу жөнінде сұрақтармен ұсынынстар айтылды. Кездесу соңында аудан әкімі алдыңғы таңда барлық туындаған мәселелер шешімін табылатыны жайлы айтып жастарға деген алғысын білдіріп жұмыстарына табыс тіледі. Алдыңғы таңда тағы да осындай кездесулер ұйымдастырылып жалғасын табады.
Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz