KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Күршімде "Жас Отан" жастар қанатының қатары толығып келеді

23.04.2013, 18:00 177


Күршім ауданында жастар орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Салтанатты шарада аудан әкімі А.Сейітов пен орталық директоры Ж.Сыдықова сөз сөйлеп, көпшілікті құттықтады.
Орталықтың лентасын қию құрметі аудан басшысы мен облыстық жастар орталығының директоры А.Есімбековаға ұсынылып, әжелер ақ тілектерін білдіріп, шашу шашты.

Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінде «Жастар – ел қуаты» атты аудан жастарының форумы өткізіліп, онда аудан әкімі баяндама жасады.

Форум аяқталысымен «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарына мүшелер қабылданып, «Жас Отан» жастар қанатының билеттері табыс етілді.

Хасен Зәкәрия

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив