KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Жедел жәрдем көлігін сыйлады

19.10.2014, 18:00 282



Шығыс Қазақстан облысында «Қазцинк» ЖШС Зырян аудандық ауруханаға су жаңа «Ford» реанимобилін сыйға тартты. Бұдан былай жергілікті дәрігерлерге хал үстінде жатқан науқасты көлікте келе жатып-ақ емдеуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Соңғы заманауи үлгідегі құрылғылармен жабдықталған жаңа жедел жәрдемнің ішінде науқастың ағзасын толық бақылауға алатын арнайы аспаптар бар екен. Сонымен бірге дефибриллятор, өкпеге жасанды жолмен ауа жеткізу құрылғысы, оттегі баллондары сияқты аса қажетті дүниелер де мұнда орналасқан. Көліктің ішінде травматологиялық және хирургиялық құралдар дайын тұр. Дәрігерлер күйік шалған немесе ауыр жараланған науқастардың өмірін жолда келе жатыпақ сақтап қалумен бірге, толғақ қысқан аналарды да босандыра алады екен.

Әсіресе, жазғы демалыс уақыттарында жағалауларда жараланған адамдар саны артады екен. Енді жайлы да жеңіл көлік дәрігерлер жұмысын жеңілдете түспек.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив