KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Шифердің 70 пайызы шетелге шығарылады

30.09.2014, 18:00 288



Шиферімен аты шыққан «Семей асбестцемент өнімдері зауыты» ЖШС биылдан бастап еденге төсейтін плиталар өндірісін іске қосты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еуропалық озық технологиялар бойынша өндірілетін бұл TERRAZZO плиталары өнімді 1000 тонналық ауыр салмақпен нығыздап құю арқылы шығарылады. Мұндай тәсіл олардың беріктігін арттырады. Цемент, мрамор, гранит ұнтақтары сияқты сегіз қоспадан жасалатын жаңа плиталардың пайдаланылу мерзімінің ұзақтығы 80 жылдан асады. Табиғи тас тәрізді болып көрінетін әдемі түрлі-түсті плиталарды балабақшадан бастап, автовокзал, сауда орындары сияқты кез келген ғимараттардың іші мен маңына төсеуге болады.

«Семей асбестцемент өнімдері зауыты» елімізде шифер шығарып жатқан жалғыз кәсіпорын. Зауыттың инновациялық технологиялар жөніндегі директоры Расул Шайискаковтың айтуынша, қазір шиферлардың 70 пайызы Тәжікстан мен Қырғыз еліне шығарылып жатыр. Жаз маусымында семейдің шиферіне деген сұраныс екі есеге дейін артады.

Өндірісін әртараптандыруды көздеген зауыт басшылығы келер жылдан бастап аймақтық индустрияландыру картасы аясында жылына 100 мың текше метр газбетон өнімдерін шығаратын кішігірім зауыт салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күннің құрылысына аса қажетті материалды өндіретін газ-бетон зауытында 75 жұмыс орны ашылмақ.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив