KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Жол жүру билеттері қымбаттайды

17.09.2014, 18:00 186



Алдағы қазан айынан Өскеменнің қалаішілік автобустарындағы айлық жол жүру билеттерінің құны 6800 теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы ескерту хатты Шығыс Қазақстан облыстық тасымалдаушылар ассоциациясы Өскемен қалалық жолаушыларды тасымалдау орталығына жолдап қойыпты. Олардың айтуынша, келесі айдан бастап бір айлық жол жүру билетінің құны 6800 теңгені, ал жарты айлық билеттің құны 3700 теңгені құрайтын болады.

Сонымен қатар, студенттердің жол жүру билеттері де қымбаттап, құны бұрынғы 4500 теңгеден 5100 теңгеге дейін өспек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив