KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Жеңілдікпен сатыла бастайды

10.01.2018, 05:48 164

Өскеменде ақпан айынан бастап студенттерге арналған жол жүру билеттері қайта сатылымға шығады.


Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың қаңтар айында студенттер жеңілдікпен сатылатын жол жүру билеттерін таба алмай, әуре-сарсаңға түскен еді. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мамандарының айтуынша, биыл студенттердің жол жүру билеттерінің 50 пайызын төлеу үшін жергілікті бюджеттен 46,6 миллион теңге қарастырылған. Алайда 2018 жылдың алғашқы айында студенттік жол жүру билеттерін қаржыландыруға мүмкіндік болмады. Өйткені қалалық мәслихаттың «Өскемен қаласының бюджеті туралы» шешімі осы айдың басында ғана ресми түрде тіркелді.


Айта кетейік, ақпан айынан бастап студенттік жол жүру билеттерінің құны алты мың теңге болады. Бұл жалпыға арналған жол жүру билетінің бағасынан 2500 теңгеге арзан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив