KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Шығыс өңірінің өндірісін ұлғайтудың жолдары айқын

17.08.2014, 18:00 206




Облыстағы машина құрастыру саласының кәсіпорындары биылдан бастап Ресейде жасалып жатқан импорт (бұрын Украинадан алып отырған өнімдерді) алмастыру бағдарламасына қатыспақ. Осыған орай Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне облыс кәсіп-орындары мен олардың өнімдерінің тізімі жолданып отыр. Өңір кәсіпорында-рының өнімін арттырып, олардың Ресейге қарсы салынып жатқан санкциялар қыспағында қалып, өндіріс көлемін төмендетіп алмауы үшін, аймақта өзге де бірқатар шаралар қарастырылып, қолға алынып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтов БАҚ өкілдерімен өткізген брифингте әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасының төмендеп кетуіне, сауда-саттықтағы негізгі серіктес болып келе жатқан көршілес елдерде қалыптасып отырған саяси жағдайларға қарамастан, биылғы жылдың алғашқы жартысында облыста өндіріс көлемі былтырғы деңгейінде сақ-талып, 520,4 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілгенін айтты. Осы көрсеткіш бо-йынша облыс елімізде 7-ші орында тұр. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім үлесі 82 пайызды құрап, 430 млрд. теңгенің тауары өндірілген. Еліміз бойынша – екінші орын.

Өңдеу өнеркәсібінің 54 пайыздан астамын металлургия саласының кәсіпорындары алып келеді. Өткен алты айда облыс экономикасына 126,1 млрд. теңге инвестиция жұмсалған.


Қанша кәсіпорын жобалық қуатында жұмыс істеп тұр?



Басқарма басшысының баяндағанындай, облыстың Индустрияландыру картасына енген 61 жобаның сегіз пайызы – өңдеу өнеркәсібі саласынан. Биыл 17,5 млрд. теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылып, 1,3 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Алайда, осы уақытқа дейін 61 жобаның ішінен жүзеге асып, іске қосылған 37 жобаның тек 21-і ғана жобалық қуатында, 50-ден 100 пайызға дейінгі көлемде жұмыс істеп жатыр. Он кәсіпорын толық қуатының 50 пайызы мөлшерінде ғана өнім шығаруда. Үш жоба өз мүмкіндігінің он пайызына дейін жұмыс істеуде. «Игеру» ШҚ» ЖШС-нің екі жаңа өндірісі, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ жылу сорғылары өндірісі тоқтап тұр.

– Бүгінгі күні проблема туғызып отырған жобалар Индустрияландыру картасына негізінен 2010-2011 жылдары, жобаларды бекіту кезінде болашақ өнімді өткізуге, оны қаржыландыруға жеткілікті мән берілмеген кезде енгізілген болатын. Бұл жобаларды әрі қарай жүзеге асырудың арнайы «Жол картасы» жасалынған, жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Мәселен, жылу сорғыларын қолдану аса тиімді екенін екінің бірі білгенімен, оны орнатпас бұрын қондырғы орнатылатын нысанның жерасты суына екі-үш жыл бойы геодезиялық зерттеу жүргізу, орнатылған жылу сорғыларына сервистік қызмет көрсету қажеттігін ешкім ескермеген.


Кәсіппен айналысуға үлкен көмек көрсетіліп жатыр



Осыдан бес жыл бұрынғымен салыстырғанда облыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, осы салада еңбек етіп жүрген тұрғындардың саны да анағұрлым өскендігі байқалады. Статистикалық есептерін мерзімінде өткізіп, салығын төлеп, жұмысын жандандырып жатқан белсенді субъектілердің өзі 75529-ға жеткен.

Биыл шағын және орта бизнес субъектілерінен қазынаға түскен салық 12 пайызға артып, 42,9 млрд. теңгені құрады.
Үш жыл ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несиелік пайызды төмендетуге, субсидия беруге аймақтық үйлестіру кеңесі арқылы 335 өтінім мақұлданып, 55,6 млрд. теңге субсидия бөлінген. Өнімдері экспортқа бағытталған кәсіпорындар 20,8 млрд. теңгенің субсидиясын алған.

2014 жылы кәсіпкерлердің алған несиелерінің пайыздық өсімін жартылай жабуға 72 өтінім бойынша 6,4 млрд. теңге субсидия бөлінетін болып отыр. Олардың ішінде Өскемен, Семей қалаларымен бірге Аягөз, Бородулиха, Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Күршім аудандарының кәсіпкерлері де бар. Кәсіпкерлердің жаңа жобасы бойынша алтын айыру фабрикасы, өнеркәсіптік арматура, жүргіншілер жолы плиткалары өндірісі, наубайхана, шұжық цехы, медициналық орталық, тіс емдеу кабинеті, машина жөндеу стансасы, демалыс базасы сияқты 1,5 мың адамды жұмыспен қамтитын жаңа өндіріс, қызмет көрсету орындары іске қосылады.
Сонымен бірге, биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 10 кәсіпкерлік нысанына инфрақұрылымдар тартып беруге 1,6 млрд. теңге бөлінбек.

Бірнеше мыңдаған адам жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау, кәсіпкерлер-дің өнімін сату, жаңа бизнес-жобаларды әзірлеу, менеджмент қызметін жүргізу сияқты кәсіпкерлікпен айналысушыға қажет білім, тәжірибені тегін оқып, үйренген. Мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін Өскемен мен Семей қаласының кәсіпорындарында шетелдік сарапшылар да болып, тәжірибелерімен бөліскен.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы кәсіпкерлікпен айналысам деуші тұрғындарға, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», басқа бағдарламалар бойынша да
қаржылай қолдау, көмек көрсетіліп жатқан-дығын жеткізді.

Елбасының берген тапсырмаларына орай, өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерліктегілерді қаржылай қолдау үшін биылдан бастап «Даму» қоры «Даму-Өндіріс-2» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Оған республика бойынша кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беруге Ұлттық қордан 100 млрд. теңге қаржы бөлініп отырса, қазірдің өзінде облыстың 26 кәсіпкері 1,6 млрд. теңгенің субсидиясын алып үлгерген. Екінші деңгейдегі банктер арқылы 3,3 млрд. теңге субсидия беруге тағы да 37 жоба бекітіліп отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив