KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Жаңа лифттер қатынай бастады Зырянда

16.05.2014, 18:00 98



Зырян қаласындағы бірнеше көпқабатты үйде жаңа лифттер пайдалануға берілді. Әбден тозығы жеткен ескі жеделсатыларды жаңалаумен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Лифтек» ЖШС айналысқанын айта кету керек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Тоғызқабатты бес үйдің лифтерін ауыстыру-ға барлығы 32 млн. теңге көлеміндегі қаражат жұмсалыпты. Мердігер компанияның директоры Асхат Нұрышевтың айтуынша, бұған дейін «Лифтек» ЖШС тек қана ірі қалаларда жұмыс істеп келген-ді. Бұл тұрғыдан Зырян моноқала-лар арасында «Лифтек» компаниясының қызметіне жүгінген бірінші шағын шаһар болып отыр. Жаңа лифттер вентиляция, апаттық жағдайда жарық беру функцияларымен, сонымен қатар, көру қабілеті нашар адамдарға арналған Брайль қаріптері таңбаланған кнопкалармен жабдықталыпты.

– Жаңа лифтіні ескісімен салыстыруға еш келмейді. Бұрындары лифттеріміз жиі-жиі істен шығып, жас-кәріні жоғары қабаттарға жаяу сандалтып қоюшы еді, енді бұл мәселе де оң шешімін тапты. Жаңа лифттің сапалылығы бірден байқалады. Басшыларға бізге жасаған осындай сыйлықтары үшін көп рақмет айтамыз, – дейді №36 үйдің тұрғыны Любовь Ермакова.

Жаңа лифттерді сатып алуға қажетті қаражат «Тұрғын үй қорын сақтап қалуды ұйымдастыру» бағдарламасы шеңберінде облыстық әкімдіктен бөлінді. Тағы бір атап өтер жайт, лифттерді пайдалану ақысының құны көтерілмепті, сол бұрынғыдай айына 400 теңгенің көлемінде екен.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив