KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Оқушылар мектепке кілт-картамен кіретін болады

14.04.2014, 18:00 172



Биылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының мектептеріне оқушының электрондық картасын енгізеді. Алдағы уақытта мектептің кіреберісіндегі бақылау пунктінен қолында картасы бар оқушылар ғана өте алатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бастама көтерушілердің айтуынша, бұл - мектеп оқушыларының қауіпсіздігін айтарлықтай арттыруға септігін тигізеді. «Ақылды мектеп» деп аталатын жаңа жоба 2014-2016 жылдарға есептеліп отыр. Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы қазіргі уақытта жобаға қатысатын мектептердің тізімін дайындау үстінде.

Оқушы өзінің электронды кілт-картасы арқылы тек мектепке кіріп қана қоймайды, картаны оқырман билеті ретінде де ұстап, кітапханадан оқулықтар алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, мектеп асханасындағы төлем де аталмыш карта арқылы іске асырылады.

- Жаңа жобаның негізгі артықшылығы, оқушы қалтасында ақша ұстамайды. Ең бастысы, балалар арасындағы тәртіп бұзушылық төмендеуі керек, - дейді ұйымдас-тырушылар.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив