KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Өзге ұлт өкілдері арасында ән байқауы өтті

10.04.2014, 18:00 146



Жақында өзге ұлт басым тұратын Бородулиха ауданында "Мәңгілік ел" идеясы кеңінен насихатталып, мемлекетқұраушы ұлттың салт-дәстүріне, тілі мен діліне деген құрметті арттыру бағытында бірталай шаруа атқарылып жатыр. Соның жарқын куәсі – аудандық Мәдениет үйінде Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында «Жүрегің әнмен ашылсын!» атты ән байқауы.

Байқауға Бородулиха ауылдық округінен, Жезкент кентінен, Новошульба ауылдық округінен және Новопокровка ауылдық округінен алты өзге ұлт өкілі қатысып, ұлттық әндермен сахнаның көркі болды. Сайыс соңында, қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды Жезкент кенті № 2 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Светлана Шуманова иеленді.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив