KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
471.83 505.66 5.4

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 101 адам мамандық игерді

12.03.2014, 18:00 157



Былтыр ШҚО Шемонайха ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 101 адам осы өңірге аса қажетті мамандықтарды игеріп шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Олар тас қалаушы, азық-түлік сатушысы, шаштараз-модельер, «Д» санатындағы жүргізуші, тракторшы-машинист, сылақшы, автокөліктерді жөндеуші-слесарь мамандықтары бойынша оқып, білім алды. Солардың 94 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.

Былтыр әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адамды орналастыру жоспарланса, бұл шара 79 адамға орындалды. Сонымен қатар, жастар іс-тәжірибесінен өткен 29 жасқа дейінгі 40 адам жұмыспен қамтылды.

Кәсiпкерлiк оқуға 112 адам қатысып, ауылда бизнестi ашу және кеңейту, бизнес-жоспар жасау, шағын несие ұйымдарымен жұмыс істеу жолдары бойынша әдiстемелiк дәрiстер алды. Оларға жалпы жиыны 307,3 млн. теңге шағын несие беріліп, бұл күндері өздерінің жобаларын жүзеге асырып жатыр.

Былтыр аудан бойынша 346 жаңа жұмыс орны құрылып, аз қамтылған азаматтар саны 12,3 пайызға азайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив